Ойынның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Балаларды үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, олардың арасындағы байланысты дұрыс анықтауға үйрету.
Міндеттері:
1. Балаларға үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауын үйрету.
2. Жануарлар мен төлдерді сәйкестендіру дағдысын дамыту.
3. Логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
4. Байқағыштық пен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
5. Қоршаған ортаға деген қызығушылықты арттыру және жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.