1. Берілген салттардың қайсысы баланың дүниеге келуімен байланысты емес?
А) тұсау кесу
Ә) шілдехана
Б)атқа мінгізу
В) бесік той
Г) тойбастар
2. Түйе атасын табыңыз.
А) Ойсылқара
Ә) Шопан ата
Б) Зеңгі баба
В) Қамбар ата
Г) Шекшек ата
3. Мәтелді табыңыз.
А) Балалы үй – базар.
Ә) Отан оттан да ыстық.
Б) Жері байдың - елі бай.
В) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.
Г) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
4. Саққұлақ, Желаяқ, Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері?
А) «Ер Төстік»
Ә) «Аяз би»
Б) «Толағай»
В) «Сырттандар»
Г) «Алтын сақа»